09 қаңтар 2022 | 16:19

"Көздегендері ішімдік". Алматыда Small дүкендер желісіне шабуыл жасалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда Түркісіб ауданындағы "Жұлдыз-1" ықшамауданында Small дүкендер желісіне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Түркісіб ауданындағы "Жұлдыз-1" ықшамауданында Small дүкендер желісіне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жол бойындағы шағын сурпермаркет. Желідегі ақпаратқа сүйенсек, бұған дейін шабуылдар гипермаркеттерге жасалған.

Қаскөйлер есікті бұзып, дүкен ішіне кірген. Олар негізінен ішімдік және мұздатылған ет тағамдарын алған.  Small дүкендер желісі мәліметінше, тонаушылар негізінен осы азық-түліктерді алады. 

Реклама
Реклама

"Көздегендері ішімдік өнімдері. Біздің дүкендер желісіне шабуыл жасалғаннан кейін бұдан басқа дүние жоғалғаны сирек кездеседі. Олар бірден ішімдіктер тұрған бөлімді тонайды", - деді Small баспасөз хатшысы Андрей.

Сондай-ақ, ол "Жұлдыз-1" ықшамауданындағы Small дүкенін қиратып, басып кірген тонаушылар дабылды елемегенін айтты. 

Сурет: Tengrinews.kz

"Қаладағы қазіргі жағдайды жақсы түсініп отырмыз және ІІМ қызметіне жүктеме көп екенін түсінеміз. Тонаушылар есікті бұзғаннан кейін тығылып, жағдайды бақылайды. Ешкім келмегенін көргеннен кейін тонауға кіріседі", - деді Андрей.

Сондай-ақ, ол жергілікті тұрғындар сол маңайдан атыс дыбысын естігенін айтты.

"Олар алдымен негізгі есікті бұзады. Көп жағдайда темірмен сындырады, көлікпен соғады немесе атады", - деді ол.

Қазіргі уақытта дүкендер желісі шығын көлемін анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная