ПОДЕЛИТЬСЯ
11 наурыз 2022 | 09:21
Көзіне шөп салды деп ойлаған. Талғарда ер адам әйелін өлтірді
Алматы облысында ер адам 34 жастағы әйелін аяусыз өлтірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында ер адам 34 жастағы әйелін аяусыз өлтірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ер адамның сөзінше, әйелі көзіне шөп салған. Олар Талғар ауданында тұратын, кәмелетке толмаған екі баласы бар. Вахтада жұмыс істейтін ер адам үйінде айлап болмайтын. Кезекті іссапарынан кейін үйіне оралған ер адам әйелі мас екенін, балалары аш жатқанын көрген.
Ашуланған ер адам жанжал шығарып, әйелі көзіне шөп салғанын айтып, соққыға жыққан. Әйел адам ауруханаға жеткізілген, бірақ ол есін жимастан қайтыс болған.
"Тергеу Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіледі. Қылмыстық істі жан-жақты және объективті тергеу үшін барлық қажет сараптама тағайындалды", - деді Талғар аудандық полициясының тергеушісі Әлішер Ерланов.
Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также