ПОДЕЛИТЬСЯ
04 желтоқсан 2019 | 15:42
ҚР АШМ-ге қарасты ветеринарлық зертхананың бұрынғы басшыларына айыппұл салынды
ҚР Ауыл шаруашылық министрлігіне қарасты республикалық ветеринарлық зертханасының бұрынғы басшылығы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Ауыл шаруашылық министрлігіне қарасты республикалық ветеринарлық зертханасының бұрынғы басшылығы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деп күдіктелген ҚР АШМ "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК бас директорының міндетін атқарушы М. Ч. Итеновке, оның орынбасары және зертхана меңгерушісі Г.Р. Әділбаеваға, сондай-ақ осы РМК-ның тағамдық қауіпсіздігінің меңгерушісі Б. А. Алынязоваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
"Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Итенов пен Әділбаева азаматты ветеринарлық зертханаға зертханашы ретінде жұмысқа орналастыру үшін 250 мың теңге көлемінде пара алғаны, сондай-ақ Итенов кәсіпкерлерге тиісті қорытындылар беруде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 10 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Аталған тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.
"Осы үкіммен Алынязова да кінәлі деп танылды және сенімді асыра пайдалана отырып, мемлекетке мүліктік залал келтіргені үшін оған 757 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Показать комментарии
Читайте также