15 желтоқсан 2020 | 16:23

Кредит алып беремін деп уәде берген павлодарлық алаяқ ұсталды

© Тұрар Қазанғапов

Павлодарда алаяқ тұрғынды қомақты көлемде кредит алып беремін деп алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда алаяқ тұрғынды қомақты көлемде кредит алып беремін деп алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Май ауданының криминалды полиция қызметкерлері Ақсу қаласының тұрғынын алаяқтық жасады деген күдікпен ұстаған.

Реклама
Реклама

Полицияға 38 жастағы әйел көмек сұрап келген. Ол қаңтарда бейтаныс ер адам оған 30 миллион теңге көлемінде үйді кепілге қою арқылы несие рәсімдеуге көмектесетінін айтқан. Ол кейбір құжаттарды рәсімдеу және үйді бағалау үшін әйелден 440 мың теңге аванс сұраған. Ақшаны алған соң ер адам байланысқа шықпаған.

"Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жедел уәкіл ер адамның кім екенін анықтап, оны Павлодарда ұстаған. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары павлодарлықтарды сақ болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная