ПОДЕЛИТЬСЯ
30 желтоқсан 2020 | 10:26
ҚТЖ филиалының бұрынғы басшысы сотталды
"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ "Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясы" филиалының бұрынғы директоры Р.О. Ибраев сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

ҚТЖ филиалының бұрынғы басшысы жемқорлық жасағаны үшін жазаланды,
Дереккөз мәліметінше, ҚТЖ филиалының бұрынғы басшысы Ибраев 2020 жылдың маусым-тамыз айларында пайдакүнем мақсатта ведомствоға қарасты бөлімшелердің басшыларынан 6,5 мың литр дизель отынын алған. Оның құны 1,2 миллион теңгеге бағаланады екен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ол бұл қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қажетіне жұмсаған.
"28 желтоқсанда Ибраев Қазақстан Қылмыстық кодексінің 361-бабы бойынша лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 1000 АЕК (2,778 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также