ПОДЕЛИТЬСЯ
08 ақпан 2019 | 17:15
ҚТЖ-ның 31 қызметкері пара алған - Ұлттық бюро
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Қазақстан темір жолы" қызметкерлерінің пара алғанын әшкереледі. Бұл туралы ұлттық бюро басшысының орынбасары Шыңғыс Қабдула айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Қазақстан темір жолы" қызметкерлерінің пара алғанын әшкереледі. Бұл туралы ұлттық бюро басшысының орынбасары Шыңғыс Қабдула айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол пара алу деректерін анықтау мақсатында жүргізілген кең масштабты операцияның аяқталғанын және ол шараның еліміздің бірнеше облысында үш ай уақыт жүргізілгенін хабарлады.
"Еліміздің бес өңірінде жүргізілген жедел шаралар барысында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы қызметкерлерінің көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғаларынан және желілік полиция бөлімшесі қызметкерлерінен заңсыз түрде пара алғаны анықталды. Арнайы операция Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында, сондай-ақ, Астана мен Шымкентте өтті", - деді Шыңғыс Қабдула.
Оның айтуынша, қылмыстық топта 50-ден аса адам болған.
"Олардың 31-і - "Қазақстан темір жолы" қызметкерлері, үш ревизор, көліктік бақылау инспекциясының үш өкілі, жекеменшік тасымалдаумен айналысатын тоғыз қызметкер, вокзалда кезекшілік ететін алты қызметкер, желілік полиция бөлімшесінің екі қызметкері, сондай-ақ, делдалдықпен айналысқан алты адам бар. Араларында бір-біріне туыс болып келетін қызметкерлер де бар екені анықталды", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро басшысының орынбасары.
Сондай-ақ, лауазымды тұлғалар тексеру жұмыстарын жүргізбеуі үшін жолсеріктер мен пойыз бригадирлерінен жүйелі түрде пара алып отырғаны анықталды. "8 мыңнан 40 теңгеге дейін пара берілген. Жиналған ақшалар анықталып жатыр", - деді Шыңғыс Қабдула.
Показать комментарии
Читайте также