ПОДЕЛИТЬСЯ
06 ақпан 2019 | 08:44
Құдайбергенов пен Киясов сот үкімін қайта қарауды сұрап жатыр
Сот қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты істі қайта қарайды. Қамаудағы Арман Құдайбергенов пен Нұралы Киясов алғашқы инстанция шығарған үкіммен келіспей, апелляциялық сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Шағым үкім шыққан соң екі аптадан кейін түскен. Оған дейін екі қылмыскер 18 жылға, ал олардың жүкті сыбайласы - төрт жылға бас бостандығынан айырылған. Телеарна тілшісінің хабарлауынша, Жанар Толыбаева да апелляцияға беруге ниетті. Оның қорғаушысы қазір тиісті құжаттарды дайындап жатыр.
Еске салайық, былтыр 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.
Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын. Дереккөз: КТК
Показать комментарии
Читайте также