Күдікті Сақташ Хасенов параға жаңа жол талғамайтын көлік алған - Антикоррупциялық қызмет

© видеодан үзінді

?Р Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросы ?Р Ауыл шаруашылы?ы министрлігіні? ветеринарлы? ба?ылау ж?не ?ада?алау комитетіні? т?ра?асы бірнеше рет пара ал?аны ?шін ?стал?аны туралы м?н-жайды айтып берді, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталғаны туралы мән-жайды айтып берді, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық бюроның мәліметінше, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Хасенов Сақташ Қазақстан аумағына ет өнімдерін кіргізуге рұқсат қағаздарын беріп отырғаны үшін бірнеше рет пара алған.

"Комитет төрағасы Хасенов өзінің сенімді өкілі Решетько арқылы алдын ала келісім бойынша Қазақстан аумағына әрбір ет өнімінің келісі үшін кәсіпкерлерден ай сайын ақша алып отырған. Хасеновтың құзыретімен 2016 жылдың наурыз айынан қазанға дейін елімізге 7,4 мың тонна құс еті кедергісіз кірген. Хасенов пен Решетько алған параның көлемі - 37 миллион теңге", - деді Антикоррупция қызметі.

Реклама
Реклама

Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ұлттық бюрода Сақташ Хасеновтың қылмыстық жолмен келген ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын айтады. "Қазан айында салоннан 2016 жылғы Toyota Land Cruiser 200 маркалы көлігін сатып алған. Қазіргі уақытта Хасенов сот санкциясына орай қамауға алынған", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағылар.

Сақташ Хасенов 4 қарашада бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталған. Ол өз  кінәсін толығымен мойындады. 

"6 қарашада Астанада Алматы ауданының №2 соты Хасеновты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі бойынша күдікті деп танылып, екі айға қамауға алынды", - делінген елордалық соттың сайтында.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама