02 қараша 2016 | 15:29

Күлекбаев өз өлімін Қостанай облысындағы түрмеде күтеді

© Тengrinews.kz

Өлім жазасына кесілген Руслан Күлекбаев Қостанай облысында сот үкімінің орындалуын күтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өлім жазасына кесілген Руслан Күлекбаев Қостанай облысында сот үкімінің орындалуын күтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елімізде тек осы өңірде өмір бойына сотталған адамдар болады. Қазақстанда өлім жазасына мораторий қойылуына байланысты, Күлекбаев мораторийді алып тастағанға дейін абақтыда отырады.

Реклама
Реклама

"Иә, Қостанай облысындағы Жітіқарада орналасқан "Қара бүркіт", бұл өмір бойына сотталған адамдар үшін жазасын өтеушілерге (сонымен қатар өлім жазасы да бар. - Авт. сөзі) арналған жалғыз түрме", - деді ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметіндегілер.

Онда "Арқанкерген" шекара қызметінде борышын өтіп жүргендерді өлтірген Владислав Челах жазасын өтеп жатыр.

"Қара бүркіт" түрмесі Жітіқарадан 30 шақырым жерде орналасқан. Жеке құрамнан бөлек, түрмені ішкі әскер қызметі күзетеді.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды, ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.

Еске салайық, бүгін, 2 қарашада Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 18 шілдеде қарулы шабуыл жасаған алматылық атқыш Руслан Күлекбаевқа сот үкімі шыққан болатын. Судья Ерлан Болат сотталушыға өлім жазасын кесіп, мүлкін тәркілеу үкімін шығарды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная