Құны 33 миллион теңге болатын ПТР-тесттерді сатпақ болған алматылықтар ұсталды

Коронавирусты анықтауға арналған ПТР-тесттерді заңсыз сатпақ болған алматылықтар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Коронавирусты анықтауға арналған ПТР-тесттерді заңсыз сатпақ болған алматылықтар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің баспасөз қызметі растады.

"7 шілдеде ҚР ҚМ Қаржы бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Алматы қалалық ІІД және МКД қызметкерлерімен бірлесіп, медициналық ПЦР-тесттерді (COVID-19) кәсіпкерлік қызметке рұқсат беретін құжаттарсыз сатуды ұйымдастырған адамдарды ұстады.

Ұсталғандар жалпы сомасы 32 900 000 теңге болатын жеті мың ПЦР-тестін заңсыз жүзеге асырғаны анықталды. Тексеру барысында автокөлік анықталып, ҚХР шығарған 2 225 ПЦР-тест тәркіленді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама