ПОДЕЛИТЬСЯ
09 шілде 2020 | 14:02
Құны миллион теңге болатын "Ингавирин" препаратын сатпақ болған алматылық ұсталды
Алматы тұрғыны құны миллион теңге болатын вирусқа қарсы "Ингавирин" дәрісімен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы тұрғыны құны миллион теңге болатын вирусқа қарсы "Ингавирин" дәрісімен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері "Ингавирин" дәрілік затын қаптамасына 7 500 теңге жоғары бағамен сатумен айналысатын қала тұрғынын ұстады.
"Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес бұл препараттың шекті бағасы бір орамға - 5 640 теңге. Шара барысында қала тұрғыны жалпы сомасы 1 050 000 теңге болатын 140 орамды заңсыз сатуды жоспарлап отырғаны анықталды", - деді комитеттегілер.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны айтылады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также