"Күзетшіні скотчпен байлаған". Астанада үш ер адам сауда орталығына кірмек болды

© donday.ru

Елордалы? полицейлер "Сергек" бейнеба?ылау ж?йесі ар?ылы сауда орталы?ында?ы к?зетшіге шабуыл жасал?ан ?ылмысты? ?рекетті ?шкереледі, -деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі астаналы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Елордалық полицейлер "Сергек" бейнебақылау жүйесі арқылы сауда орталығындағы күзетшіге шабуыл жасалған қылмыстық әрекетті әшкереледі, -деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі астаналық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Полицияға жеке күзет фирмасының қызметкері хабарласып, түнгі 01:30 шамасында белгісіз біреулер күш қолданып, күзетшіні скотчтап тастағанын айтқан. Осылайша олар сауда орталығының аумағына кірмекші болған. Қаскөйлер күзетшінің жолға алып жүретін жеңіл радиостанциясын алып кеткен", - делінген хабарламада. 

Елордалық ІІД қылмыстық полиция қызметкерлері "Сергек" видеожүйесі арқылы қарақшылық шабуыл жасағандар тобын ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Реклама
Реклама

"Олар Жамбыл облысының 21-23 жас аралығындағы тұрғындары. Олар сауда орталығынан тонауды көздегендерін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары "Қарақшылық" бабы бойынша жүріп жатыр", - деді ІІД өкілдері. Полицейлер олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Айта кетейік, 2017 жылы 15 қыркүйекте Астанада "Сергек" видеожүйесі арқылы түсірілген жол қозғалысы ережесін бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту акциясы басталған еді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама