ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қазан 2024 | 09:35
Қылмыстық схемаға тарту: ҚМА қазақстандықтарға үндеу жасады
ҚМА азаматтарды жеке банк карталарын пайдалану арқылы қылмыстық табысты заңдастыру үшін оңай табыс ұсынып, қылмыстық схемаларға тарту деректері жиілеп кеткені туралы ескертеді. Азаматтар қаржылық операциялар жасау үшін банк карталарын үшінші тұлғаларға беріп, "дроп" болу қауіпін ескермей, қылмыстық схемаларға тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚМА азаматтарды жеке банк карталарын пайдалану арқылы қылмыстық табысты заңдастыру үшін оңай табыс ұсынып, қылмыстық схемаларға тарту деректері жиілеп кеткені туралы ескертеді. Азаматтар қаржылық операциялар жасау үшін банк карталарын үшінші тұлғаларға беріп, "дроп" болу қауіпін ескермей, қылмыстық схемаларға тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақша кибер құқықбұзушылықтардан немесе есірткі және адам сату сияқты қылмыстық схемалардан тартылуы ықтимал. ҚМА жүргізген талдауына сәйкес, есірткі сатумен байланысты схемаларда жалпы айналымы 22 миллиард теңге болатын 30 мың банк картасы пайдаланылған.
Мұндай заңсыз схемаларға қатысу тұлғалардың мүлкін тәркілеу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік сияқты ауыр салдарға әкеледі.
"ҚМА соңғы зерттеулеріне сәйкес, қаржылық қиындықтарға тап болғандардың, атап айтқанда жұмыссыздар, студенттер және әлеуметтік осал топ өкілдерінің алаяқтардың жеңіл жолмен оңай олжаға кенелу уәделеріне сеніп, "дроп" болып қалу қауіпі жоғары екені анықталды", - делінген хабарламада.
Астана мен Қарағанды студенттері және Теміртаулық 64 жастағы зейнеткер "дроп" ретінде Telegram-дүкенінде есірткі сатудан алынған ақшаны жылыстату схемасына қатысқан. Олардың шоттары арқылы 100 миллион теңгеден аса қаржы өткен. Бұл наркошоптың жалпы айналымы 2 миллиард теңгеден асқан.
Тағы бір жағдайда Алматыда 20 жастағы студенттің картасы пайдаланылып, оның шотына 900-ден астам адамнан 22,5 миллион теңге түскен. Аударымдар 7.5 мыңнан 15 мың теңгеге дейінгі аралықта болған, бұл сомалар есірткі заттарының бір реттік дозаларының құнына сәйкес келеді. Кейіннен бұл ақша құқық бұзушылардың крипто-әмияндарына шығарылғаны айтылды.
"Құрметті азаматтар! Онлайн диалог арқылы бейтаныс азаматтар немесе компанияның өкілдері хабарласып, шотыңызға сыйақыға ақша аударып, есесінен оңай ақша табуды ұсынған жағдайда қырағылық танытып, өзіңізді қылмыстық схеманың мүшесі болудан сақтаңыз. Егер сіз мұндай ұсыныстарға тап болсаңыз, алаяқтармен барлық байланысты тоқтатып, ақша аудармаңыз", - делінген үндеуде.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также