13 шілде 2022 | 10:24

"Қылмыстық істі жабуға уәде берген". Көкшетауда полицейлер күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Көкшетау полицейлері қылмыстық істі жабуға уәде бергені үшін 50 мың доллар алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көкшетау полицейлері қылмыстық істі жабуға уәде бергені үшін 50 мың доллар алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Көкшетау қаласы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты басқа органның іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін кәсіпкерден 50 мың АҚШ доллары сомасында ақша қаражатын алу фактісі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Биыл 8 шілдеде жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, 9 шілдеде Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Қазіргі уақытта соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная