17 мамыр 2023 12:25

Қырғызстанда ҰҚТ мүшесі - Қазақстан азаматы ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Қырғызстанның МҰҚК баспасөз орталығынан

Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі - Қазақстан азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан МҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі - Қазақстан азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан МҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатқан жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан Республикасындағы ұйымдасқан қылмыстық топтың іздеуде жүрген мүшесі, 1990 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы С.А.А. ұсталды. Ұсталған азамат Алматы облысы аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен іздеуде болған", - делінген хабарламада.

2022 жылдың қарашасында Қазақстан азаматы Қырғызстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені хабарланды. Ол СИН №21 мекемесіне орналастырылған.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram