19 ақпан 2021 | 15:44

Қырғызстандық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі Алматыда ұсталды

Қырғызстанда алаяқтық жолмен көлік сатқан ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) мүшесі Алматыда ұсталды. Бұл туралы Қырғызстан ІІМ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанда алаяқтық жолмен көлік сатқан ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) мүшесі Алматыда ұсталды. Бұл туралы Қырғызстан ІІМ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеті үшін іздеуде жүрген адамды ұстады. Ол шетелде жасырынған. Өзінің заңсыз әрекетімен азаматтарға қиындық тудырып, қолайсыз жағдайда қалдырған. Алдау арқылы ірі көлемдегі бөтен мүлкін иемденген. Ұсталған адам бірқатар алаяқтық әрекет жасады деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Қырғызстан құқық қорғау органдары 2018 жылғы қарашада ер адам құны 6 мың 400 доллар тұратын Toyota Camry көлігін алдап иемденгенін, сатылымнан түскен ақшаны өз қажетіне пайдаланғанын мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ер адам 2018 жылғы қазанда Бішкек тұрғынына Mercedes-Benz E430 көлігін сатып, оны кейін рәсімдейтінін айтады. Бір аптадан кейін ол көлікті қайтарып, 3 мың долларды кейін қайтаруға уәде беріп, тұтынушыға тек 5 мың доллар қайтарған. ІІМ ол "уәдесінде тұрмағанын" хабарлады.

"2018 жылғы күзде ер адам 2011 жылы шығарылған құны 13 мың 500 доллар Honda CR-V, 2010 жылы шығарылған құны 10 мың доллар Ford Transit, 2005 жылы шығарылған құны 4 мың доллар Nissan Maxima маркалы автокөліктерін алаяқтық жолмен иемденген. Кейін ол көлікті басқа тұлғаларға сатып, ал ақшаны көлік иесіне қайтармай өзі алып қалған. Азамат Б.М. жалпы сомасы 27 000 доллардан аса залал келтірді", - деп толықтырды ІІМ өкілдері.

Ер адам басқа да ұқсас қылмыстарға қатысты ретінде күдікті.

1986 жылы туған күдіктіге іздеу жарияланды. Ол ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі ретінде есепте тұр.

"Бірқатар заңсыз әрекетінен кейін күдікті шетелде жасырынуды жөн көрген. Ол құқық қорғау органдары оны таба алмайды деп үміттенген", - деп атап өтті ІІМ-де.

2021 жылдың қаңтарында күдікті азамат Алматыда ұсталды. Күдіктіні ұстау операциясын Алматы криминалдық полиция қызметкерлері Қырғызстан ІІМ Криминалдық милиция қызметімен бірлесіп жүргізді.

"Ұсталған адам Алматы полиция департаментінде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оны Қырғыз Республикасы аумағына экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр", - деп қорытындылады қырғыз ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная