ПОДЕЛИТЬСЯ
10 желтоқсан 2021 | 17:54
Қырғызстанға Қазақстаннан бензинді газ деп алып өтпек болғандар ұсталды
Түркістан облысында Қырғызстанға газ конденсаты деп бензин алып өтпек болғандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Манкент" теміржол бекетінде Қазақстаннан Қырғызстанға 960 тонна АИ-92 маркалы бензинді заңсыз тасымалдау дерегі анықталды.
"Тергеу барысында бензинді "газ конденсаты" деген атаумен рәсімдеп, теміржол цистерналарымен шығаруды жоспарлағаны анықталды. Бензиннің жалпы сомасы 229 миллион теңге болады", - делінген хабарламада.
Ведомство тергеу жалғасып жатқанын, өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также