28 мамыр 2021 | 17:03

"Қысым жасап, қорлаған". Өзіне оқ атқан полицейдің анасы Тоқаевқа үндеу жасады

Рахым Оңбаев

Аудандық прокуратура ғимаратында өзіне оқ атқан полицейдің анасы ел Президенті мен бас прокурорға үндеу жасады. Павлодар қаласының тұрғыны Гүлсім Үсембаева ұлына қатысты істі жеке бақылауға алуды сұрайды. Сондай-ақ, әйел ұлына қысым жасаған прокуратура қызметкерлері тергеу кезінде жұмысын жалғастырып жатқанына наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Аудандық прокуратура ғимаратында өзіне оқ атқан полицейдің анасы ел Президенті мен бас прокурорға үндеу жасады. Павлодар қаласының тұрғыны Гүлсім Үсембаева ұлына қатысты істі жеке бақылауға алуды сұрайды. Сондай-ақ, әйел ұлына қысым жасаған прокуратура қызметкерлері тергеу кезінде жұмысын жалғастырып жатқанына наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өз үндеуінде зардап шеккен полицейдің анасы 23 мамырда кешке прокуратураға шақырылғанын айтты. Онда полицей аудан прокуроры мен оның көмекшісі жұмыс бөлмесінде ішімдік ішіп отырғанын көрген.

"Менің білуімше, олар ұлыма қысым жасап, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған. Олар ұлымның атына әдепсіз сөздер айтып, оның әуре-сарсаңы көп екенін және жемқор екенін айтқан", - деп жазды Үсембаева.

Реклама
Реклама

Әйелдің айтуынша, прокуратура басшылығының мінез-құлқы ұлын осындай қадамға итермелеген.

"Мұның бәрі аудандық прокурорлардың мемлекеттік қызмет этикасы және басқа да әдеп нормаларын елемей, әдепсіздік көрсетуіне байланысты. Ол адамдар әлі де өз лауазымында қызмет атқарып жатыр. Олар тергеу кезеңінде жұмыстан шеттетілмеген. Осы қызметкерлер мен облыс прокуратурасы өз мүдделерін қолдай отырып, өңірлік полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметіне қысым көрсете алады деп қорқамын", - деді Үсембаева.

Әйел прокуратура қызметкерлерінен алынған талдау нәтижелерін бұрмалау мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Оның айтуынша, алкотестермен тексеру теріс нәтиже көрсеткен.

"Қазіргі уақытта прокуратура қызметкерлерінің ағзасында алкоголь бар-жоғын білу үшін қанға сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Олар оқиға кезінде ұлыма көмектесудің орнына, үстел үстін жинастыра бастаған. Сонымен қатар, ұлым оянғанда оған бірінші болып Павлодар облысы прокуратурасы қауіпсіздік қызметінің бастығы келді. Ол туыстарының қатысуынсыз онымен әңгіме құрды, мүмкін қысым көрсетті немесе оны әріптестеріне қарсы куәлік бермеуге көндірді", - деп жазды павлодарлық.

Әйел Президент пен бас прокурордан істі әділ қарауды және тергеуді жеке бақылауға алуды немесе оны құзыретті мүдделі емес қызметке тапсыруды сұрайды.

Айта кетейік, Павлодар облысының прокуратурасы әзірше болған оқиғаға қатысты ресми түсінік берген жоқ.

Бұған дейін Павлодар облысында полиция қызметкері аудандық прокуратура дәлізінде өзіне оқ атқаны хабарланған болатын. Жәбірленушіге ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Қазір полицейлер әріптесінің бұл әрекетіне не себеп болғанын анықтап жатыр. Кейін өз-өзіне оқ атқан полиция қызметкері Железин ауданының 29 жастағы аға тергеушісі Рахым Оңбаев екені анықталды. Бұл туралы зардап шеккен қызметкердің әкесі Нұрлан Оңбаев мәлімдеп, оқиғаның егжей-тегжейін айтқан еді.

Полиция мәліметі бойынша, 24 мамырда мессенджерлерде Железин ауданының аға тергеушісі табель қаруынан өзін-өзі атып өлтіргені туралы хабарлама пайда болған.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная