18 қаңтар 2021 17:49

Қытай тумасы алматылықтарды бедеуліктен емдеймін деп алдаған

©polisia.kz

Алматыда бұрын іздеуде жүрген Қытайдың тумасы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Ол өзін медицина қызметкерімін деп таныстырып, шипа іздегендерге бедеуліктен емдеуге уәде берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұған дейін бедеуліктен емдеймін деп жұртты алдаған әйелге Алматы облысының полициясы алаяқтық жасады деген күдікпен іздеу салған.

Реклама
Реклама

"Өзін медициналық мекеме қызметкері ретінде таныстырып, гинекология саласы бойынша бедеулікті емдеуге және басқа да түрлі медициналық көмек көрсетуге уәде берген және сол үшін қомақты сыйақы сұраған. Жәбірленушілермен Алтынай есімімен танысқан. Адамдардың сеніміне кіре біледі. Сондықтан ешкім алдайды деп ойламаған. Қазір күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша жүргізіліп жатыр.

Ол бұдан бөлек алаяқтық әрекеттер жасады деген күдік бар. Сондықтан бұл әйелді таныған немесе оның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірі арқылы хабарласуға шақырамыз: 295-54-61, 8-775-718-35-05 және 8-701-758-67-60", - деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ерлан Аянбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram