ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қазан 2021 | 14:15
Қытайға мамонт тістері мен мүйізтұмсық мүйізін алып өтуге тырысқандар ұсталды
Нұр-Сұлтанда құнды заттар контрабандасы тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда құнды заттар контрабандасы тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Агенттік департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты құнды заттар контрабандасымен айналысты деген күдікпен тергеу басталғанын хабарлады.
"Ресей Федерациясының азаматы Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы арқылы Қытай Халық Республикасына жалпы салмағы 2 мың килограмнан астам мамонт тісі мен мүйізтұмсық мүйізін заңсыз алып өтпек болғаны анықталды", - делінген министрліктің хабарламасында.
Департамент тауар жіберуші Мәскеуде жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры екенін айтты.
"Палеонтологиялық материалды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және одан әрі Нұр-Сұлтан қаласынан ҚХР-ге жібергісі келген Ресей Федерациясының азаматы, ЖШС директорының ісі тіркелді.
Сарапшылардың қорытындысы бойынша барлық заттың шамамен құны 173 миллион теңге болады. 2021 жылы 1 қазанда күдікті сот рұқсатымен ұсталып, қамауға алынды. Басқа ақпарат тергеуге байланысты жария етілмейді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также