26 ақпан 2021 | 17:57

Қытаймен шекарада жүргізушілерден пара алған кеденші жазаланды

Фото: elements.envato.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қытаймен шекарадағы кеден бекетінің қызметкері жүк көліктерін кеден тіркеуінен кедергісіз өткізгені үшін пара алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қытаймен шекарадағы кеден бекетінің қызметкері жүк көліктерін кеден тіркеуінен кедергісіз өткізгені үшін пара алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"24 ақпанда Панфилов аудандық соты Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Нұр жолы" кеден бекеті бас маманына пара сомасының 35 еселенген мөлшерінде айыппұл салу туралы үкім шығарды. Сондай-ақ, жүк көліктерінің 24 жүргізушісіне пара сомасының 10 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Динияр Биғайдаров брифингте.

Бұл ретте параның нақты мөлшері анықталмаған.

Реклама
Реклама

"Ол "Нұр жолы" кеден бекеті арқылы Қытайға жүк көлік құралдарын кеден тіркеуінен кедергісіз өткізгені үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушы жүк көліктері жүргізушісінен жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді", - деп нақтылады Биғайдаров.

Оның айтуынша, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная