10 шілде 2023 | 12:29

Қызды секс-құлдыққа итермелеп, ұрып соққан қыздарға қатысты полиция пікір білдірді

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
видео кадры

Алматы полициясы қызды жыныстық құлдыққа тарту үшін ұрып-соққан қыздарға қатысты істі тоқтатты деген қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясы қызды жыныстық құлдыққа тарту үшін ұрып-соққан қыздарға қатысты істі тоқтатты деген қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" және 194-бабы "Бопсалау" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында оқиғаның барлық қатысушысы мен куәгері анықталды. Басты күдікті белгілі болды. Қазір жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қызды ұрып-соғып жатқан бейнеге қатысты тергеу оқиға 2022 жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласында күдікті мен оның танысының қатысуымен болғанын анықтады. Алайда бұл дерек бойынша полицияға шағымдар түскен жоқ. Полицейлер жәбірленушіні іздестіріп жатыр.

Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығының бақылауында", - деді полиция департаментінің қызметкерлері.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда 20 жастағы бойжеткен екінші қабаттың терезесінен секіріп, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын. Ол өзін пәтерге кіргізіп, ұрып-соққан жеті қыздан қашпақ болған, олар қыздан100 000 теңге бопсалап, тауып бермесе жігіттерге жыныстық құлдыққа сататынын айтып қорқытқан.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная