27 желтоқсан 2022 | 13:43

ҚызПУ-дың бұрынғы ректоры 7 жылға сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақ ұлттық Қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры 7 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақ ұлттық Қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры 7 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қарасай аудандық сотының үкімімен бұрынғы ректор - "Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің" КЕАҚ басқарма төрағасы Г.Алдамбергенова, ректордың кеңесшісі Қ.Қожантаев (Алдамбергенованың туған ағасы) және "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының Қарасай Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы А.Журунов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сол үкіммен Қарасай бөлімі басшысының орынбасары Д.Жұмаділ мен бөлім маманы Е.Кемал шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Реклама
Реклама

Барлық сотталғанға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жаза қолданылды.

Тергеу барысында сотталғандардың бөгде тұлғаларға заңсыз ресімделгені, университеттің 9 га жер учаскесін бөліп және адал сатып алушыларға сатқаны дәлелденді. Нәтижесінде университетке 95,5 миллион теңге шығын келтірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная