26 шілде 2022 | 08:36

Қызылорда облысы экс-әкімінің жазасын өтеу мерзімі қысқартылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: assembly.kz

Қызылорда облысының 7 жылға сотталған экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың жазасы жеңілдетіліп, мерзімі қысқартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысының 7 жылға сотталған экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың жазасы жеңілдетіліп, мерзімі қысқартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2020 жылдың желтоқсанында Ысқақов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан шеттетіліп, 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

"Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші үкім өзгеріссіз қалдырылды. Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жаза тағайындау бөлігіндегі үкім өзгертіліп, бас бостандығынан айыру мерзімі алты жылға дейін қысқартылды. Ысқақов соттан жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен, яғни айыппұл немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазамен ауыстыруды сұрады", - деп хабарлады Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Бұған дейін ЗК-169/5 колониясының өкілі сотталушыға берілген мінездемені қолдап, экс-әкімнің жазасын өтеу кезінде "белгіленген ішкі тәртіп пен режим талаптарын бұзбағанын" атап өтті. 

"Оған қатысты екі жеңілдету шарасы қолданылды, жазасы жоқ, жеңіл жағдайда жазасын өтеп жатыр, дәрежесі екінші оң, қылмыспен келтірілген мүліктік залал, мемлекеттік баж, мемлекет кірісіне процессуалдық шығындар және жәбірленушілердің өтемақы қорына өтемақы толығымен өтелді. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзу дерегі жоқ. Жәбірленушінің өкілі жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтінішке қарсы еместігін көрсетті", - делінген соттың хабарламасында. 

"Осының негізінде сотталған Ысқақовтың жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылды. Жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза - 3 жыл 11 ай 12 күн мерзімге бас бостандығын шектеумен ауыстырылды. Қосымша жаза түрін өтеуден босатылмайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная