ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурыз 2022 | 17:41
Қызылорда облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары ұсталды
Қызылорда облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылорда облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысындағы департаментінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді.
"Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ басшысының орынбасарына қатысты 2021 жылы аяқталмаған құрылыс нысанын заңсыз қабылдау арқылы 14,5 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған деген айып бойынша тергеу жүргізіп жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Тергеу соты күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
"Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды", - деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также