12 қаңтар 2022 | 08:45

Қызылорда облысында 100-ден аса адам оқ-дәрі, есірткімен ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Иллюстрациялық сурет Polisia.kz

Қызылорда облысында күзетшілер 100-ден аса адамды оқ-дәрі, есірткімен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысында күзетшілер 100-ден аса адамды оқ-дәрі, есірткімен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан қылмыскерлерді анықтау, ұстау бойынша барлау-іздестіру іс-шаралары Қазақстанның барлық қаласында жалғасып жатыр.

"ҚР Ұлттық ұланы арнайы мақсаттағы бөлімшесі Қызылорда облысында Полиция департаменті және ҰҚК қызметкерлерімен бірігіп, лаңкестікке қарсы операция жүргізу барысында жаппай тәртіпсіздікке  қатысқан 100-ден аса адамды ұстады. Нәтижесінде, 1 қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ, есірткі тәркіленді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Полиция қызметкерлері ұсталғандарға қатысты мән-жайды одан ары тергеу үшін жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная