23 желтоқсан 2022 08:52

Қызылорда облысында аққуды аяусыз өлтірген ер адам ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қызылорда облысында аққуды аяусыз өлтірген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында аққуды аяусыз өлтірген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Аққуды өлтірген аудан тұрғынының аты-жөні анықталды. 22 желтоқсанда әлеуметтік желіде тараған видеоға сүйеніп, Қызылорда облысының Полиция департаменті жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр. Бұл дерек желіде жарияланғанға дейін полицияға ешкім хабарлаған жоқ", - деп мәлімдеді полиция басқармасының өкілдері.

Ведомство Желі қолданушыларын ашуландырған ер адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілгенін мәлімдеді. Ол 26 жаста, Сырдария ауданының тұрғыны.

Реклама
Реклама

Тексеру барысында, аталған оқиғаның 2013 жылы балық аулау кезінде күріштіктің каналының жағасында орын алып, бейнежазбаға түсірілгендігі анықталды.

"Тексеру нәтижесі бойынша жеткізілген адамның әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті шешім шығарылады", - деп қосты полицейлер.

Еске салайық, әлеуметтік желіде Қызылорда облысының тұрғыны аққуды өлтіріп, жасаған әрекетіне мақтанған видеосы тараған болатын.

Видеода оның кешке "аққудан қуырдақ" жейміз деп айтқанын да байқауға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360641/thumb_m/photo_122965.jpeg"
    "title" => "Бектенов "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешені құрылысының қарқынын тексеріп, Байқоңырдың даму жоспарымен танысты"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/news/bektenov-bayterek-garyishtyik-zyimyiran-keshen-360641/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360488/thumb_m/photo_122789.png"
    "title" => "Қызылордада науқас әйелге дәрігер арнайы рұқсатсыз қауіпті онкологиялық ота жасаған"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/news/kyizyilordada-naukas-ayelge-darger-arnayyi-ruksatsyiz-kaupt-360488/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360376/thumb_m/photo_122664.jpeg"
    "title" => "Қазақстанның ет өнімдері Түркия нарығына шектеусіз экспортталады"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/news/kazakstannyin-et-onmder-turkiya-naryigyina-shekteusz-360376/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360126/thumb_m/photo_122392.jpeg"
    "title" => "Жезқазған-Қызылорда тасжолы қашан салынады?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/jezkazgan-kyizyilorda-tasjolyi-kashan-salyinadyi-360126/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360121/thumb_m/photo_122387.jpeg"
    "title" => "Қылмыстық қақтығыстарға қатысқан: Қызылордада рэкетирлер бандасы ұсталды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/crime/kyilmyistyik-kaktyigyistarga-katyiskan-kyizyilordada-360121/amp/"
  ]
]