18 желтоқсан 2021 | 10:22

Қызылорда облысында атыс болып, тоғыз күдікті ұсталды

Қызылорда облысында жастар арасындағы төбелес атыспен аяқталып, кәмелетке толмаған үш қыз зардап шеккен. Тәртіп сақшылары тоғыз күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысында жастар арасындағы төбелес атыспен аяқталып, кәмелетке толмаған үш қыз зардап шеккен. Тәртіп сақшылары тоғыз күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер мәліметінше, 15 желтоқсанда кешкі сағат 18.00 шамасында Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Төретам кентінде бір топ азамат жанжалдасып, қару қолданған. Салдарынан аялдамада тұрған үш жасөспірім оқтың ұшқынынан жарақат алған.

"Жасөспірімдер дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, көмек көрсетілді. Олардың біреуі сол күні қайтарылса, қалған екеуі дәрігерлік бақылауға алынған. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің жағдайы тұрақты. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 3-бөлігімен ("Адам өлтіруге оқталу") тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - дейді полиция өкілдері.

Реклама
Реклама

Осы қылмыс бойынша 8 күдікті анықталып, ұсталған.

"Бұдан бөлек, кешенді жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде оқ атқан негізгі күдікті құрықталды. Ол кінәсін мойындады. Қылмыс құралы тәркіленіп, айғақты зат алынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының ("Ұстап алудың негіздері") талаптарына сәйкес, ұсталған 9 күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалып, олар қамауға алынды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная