03 тамыз 2021 | 13:13

Қызылорда облысында браконьерлер инспекторлар көлігіне оқ атқан

Фото: elements.envato.com

Қызылорда облысында браконьерлер инспекторлар көлігіне оқ жаудырып, жасырынуға тырысты. Олар Қызыл кітапқа енген жануарды атып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рейд шараларын жүргізу барысында "Охотзоопром" РМК Қызылорда облысы бойынша бөлімше инспекторлары Жалағаш ауданы Тоғыскеннен Шардара ауданы Шакелі ауылының тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде ұсталған адамның сөмкесінен Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрықтың өлігі табылды.

"Браконьерлікпен айналысқан күдіктінің ұсталған жеріне жедел-тергеу тобы шақырылды. Инспекторлар полиция қызметкерлерін күтіп, өлікті күзетіп тұрғанда, оқиға орнына Қызылорданың екі тұрғыны келіп оқ жаудырды. Нәтижесінде инспекторлардың қызметтік көліктерінің бірінің дөңгелегі жарылды. Осыдан кейін инспекторларды қорқытып, өлген қарақұйрықты алып кетті", - делінген министрлік хабарламасында.

Реклама
Реклама

Браконьерлерді инспекторлар мен тәртіп сақшылары ұстаған. Бұл факт Жалағаш аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4 -тармағы ("Заңсыз аңшылық") және 380-бабы 2-тармағы ("Билік өкіліне күш қолдану") бойынша тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram