16 маусым 2021 13:00

Қызылорда облысында жаппай төбелес болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Жаңақорғанда жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Қызылорда облысының полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңақорғанда жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Қызылорда облысының полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео кадрларынан бір топ адамның көшеде шулап, жүгіріп жүргені көрінеді. Сондай-ақ, олардың бір-біріне белгісіз заттар лақтырып жатқанын көруге болады.

Реклама
Реклама

Қызылорда облыстық полиция департаменті 15 маусымда таңғы сағат екіде Жаңақорған ауданында белгісіз біреулер тас лақтырып, автотұрақта тұрған көліктерді зақымдағанын айтты. Сонымен қатар, тұрақ маңындағы дүкенге материалдық залал келген.

"Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті аудан тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді. Сонымен қатар, аудандық полиция бөліміне 10 адам жеткізіліп, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дене жарақатын алғандар анықталған жоқ. Қазіргі уақытта дерек бойынша ҚР ҚК-ның 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармақшасы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", - деді ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram