25 наурыз 2022 13:40

Қызылорда облысында жаппай төбелес видеоға түсіп қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Қызылорда облысында көшеде бір топ жігіттің төбелескен сәті видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында көшеде бір топ жігіттің төбелескен сәті видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, бұл жағдай бірінші рет емес.

Реклама
Реклама

Видеодан айғай-шу, әйнектің сынған дыбысы естіледі.

Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкері бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша тіркелгенін атап өтті.

"Зардап шеккендер жоқ. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады", - деді полиция қызметкері.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында 26-30 наурыз аралығында "Демалыс" жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram