Қызылорда облысында киік атқан ер адам ұсталды

© polisia.kz

Қызылорда облысында киік атқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында киік атқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордалық полицейлер облыс көлемінде өтіп жатқан "Киік" шарасы барысында 5 желтоқсанда кешке көлікті тоқтатқан.

"Көлікті тексеру барысында жүксалғыштан атылған киік табылды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігі бойынша ("Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу") сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Дереккөз мәліметінше, қажет сараптамалар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама