ПОДЕЛИТЬСЯ
18 шілде 2022 | 13:45
Қызылорда облысында марихуана плантациясы анықталды
Қызылорда облысы полицейлері ірі мөлшерде есірткі еккен тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылорда облысы полицейлері ірі мөлшерде есірткі еккен тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қызылорда облысы полицейлері "Қарасора – 2022" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 4116 түп сора өсімдігін еккен 37 жастағы жұмыссыз тұрғынды ұстаған. Ол Шиелі ауданына қарасты Жуантөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 45 шақырым жердегі шеңгел мен сексеуіл арасына сора өсірген. Арнайы баптап өсірілген сораның ұзындығы 60-70 сантиметрге жеткен.
Осы аумаққа келген көліктердің дөңгелектерін тесу үшін тұрғын ауыл маңындағы жолдарға қолдан жасалған металл шыбықтарды тастаған.
Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек арнайы кептірілген марихуана, заңбұзушының жеке заттарын, азық-түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар, екі насос, палатка, мотор, 20 метрлік шланга, күрек, кетпен тәркіледі.
4 116 түп көлемінде тәркіленген сора өсімдігінің жалпы салмағы 34 келі, ал кептірілген марихуана 696 грамм. Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу") және 300-бабы 2-бөлігі ("Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру") бойынша соталды тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также