08 қаңтар 2023 | 16:41

Қызылорда облысында сауда үйінен ақша ұрлаған жасөспірім ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қызылорда облысында сауда үйінен ақша ұрлаған жасөспірім ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында сауда үйінен ақша ұрлаған жасөспірім ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

6 қаңтарда сағат 15:00-де Қызылорда облысы ПД Арал АПБ-нің 102 арнасына белгісіз біреу аудан орталығындағы сауда үйіне әйнек есігін сындырып кіріп, сөредегі ақшаны ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама түскен.

Аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті 17 жастағы аудан тұрғынын ұстады.

Реклама
Реклама

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 144-бабының 2-бөлігінің тәртібіне орай кәмелетке толмағанға қатысты ата-анасының қарауына беру туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram