ПОДЕЛИТЬСЯ
28 шілде 2022 | 19:12
Қызылорда облысында шенеунік 10,6 жылға сотталды
Экология департаменті басшысының орынбасары сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Экология департаменті басшысының орынбасары сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
"Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімі бойынша, Қызылорда облысы экология департаменті басшысының орынбасары Б.Тілегенов қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Ол ЖШС басшыларына тиесілі 100 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденгені үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Тілегенов ЖШС басшыларын прокуратураның, мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу департаменттерінің лауазымды тұлғалары арқылы мәселені шешемін деп, ЖШС-ға қатысты экологиялық заңнаманы бұзу туралы істі тоқтату және мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын кері қайтару үшін пара беруге итермелеген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также