02 қаңтар 2022 08:46

Қызылорда облысындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қызылорда облысындағы төбелес видеоға түсіп қалған. Көшеде бір топ жас жігіттің төбелескені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысындағы төбелес видеоға түсіп қалған. Көшеде бір топ жас жігіттің төбелескені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода жігіттердің бір-біріне тас лақтырғаны, таяқ қолданғаны және осы әрекеттің бәрі полиция сиренасы ойнап жатқанда болғаны көрсетіледі.

Реклама
Реклама

Қазалы аудандық полиция бөлімінде 1 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданында болған бұзақылық дерегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгені хабарланды.

"Полиция бөліміне шағым, өтініш түскен жоқ. Сондай-ақ, аудандық ауруханаға ешкім медициналық көмек сұрап жүгінген жоқ", - деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Оқиға орнынан полиция қызметкерлері полиция бөліміне 8 азаматты жеткізді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді аудандық полиция бөлімі қызметкерлері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram