ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қазан 2021 | 09:23
Қызылорда тасжолында ер адам өлі табылды
Қызылорда облысында мəйіт табылды. Бұл із-түссіз жоғалған ер адам болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылорда облысында мəйіт табылды. Бұл із-түссіз жоғалған ер адам болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
12 қыркүйекте Қызылорда облысының тұрғыны жеңіл автокөлігімен Нұр-Сұлтан қаласына шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Жоғалу дерегіне қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталған.
Кешенді іздестіру шараларына арнайы техникалар мен тікұшақ қолданылды.
Нәтижесінде, 19 қазанда Қызылорда-Жезқазған тасжолының 128-шақырымынан ер адамның иелігінде болған жеңіл автокөлік пен жеке заттары табылып, ол айғақ зат ретінде алынды.
22 қазанда сағат 13:25 шамасында кешенді іздестіру іс-шараларын жүргізу және оқиға болған аймақты сүзіп өту нәтижесінде Қызылорда-Жезқазған тасжолының 128-шақырымынан батысқа қарай 30-40 шақырым қашықтықтағы далалық жерден белгісіз адамның мәйіті табылды.
Тергеу органы өкілдері бұл жоғалған ер адам болуы мүмкін деген болжам жасады.
Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также