20 қаңтар 2017 13:45

Қызылорда тұрғыны орталық алаңдағы шыршаның ойыншықтарын ұрлау үстінде ұсталды

Қызылорда тұрғыны орталық алаңда тұрған шыршаның ойыншықтарын ұрлаймын деп ұсталып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда тұрғыны орталық алаңда тұрған шыршаның ойыншықтарын ұрлаймын деп ұсталып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 19 қаңтарда түнгі 02:00 шамасында болған. Шұғыл басқару орталығының кезекші инспекторы бақылау камераларын қарап отырып шыршадан ойыншықтарды шешіп алып, көлікке отырып, кетіп қалмақ болған азаматты байқап қалады. Оқиға орнына бірден полицейлер жасағы келіп, 1982 жылы туған ер адамды ұстаған. 

Реклама
Реклама

Оқиғаға қатысты соталды тергеу жұмыстары басталды.

Адамдар көптеп жиналатын орындарға орнатылған видеобақылау камералары көптеген заңбұзушылықтардың алдын алуға және жасалған қылмыстарды ашуға септігін тигізіп жатқанын атап өтті баспасөз қызметінің өкілдері. Облыста жалпы 272 камера орнатылып, олардың барлығы бір орталыққа қосылған. Жыл басынан бері камералардың көмегімен 8 қылмыс пен 1606 әкімшілік заңбұзушылық ашылған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram