Қызылордада аңшылық дүкенді тонағандар ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Қызылордада аңшылық дүкенді тонағандар ұсталды

Қызылордалық полиция қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік кезінде аңшылық дүкенді тонаған облыстың екі тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылордалық полиция қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік кезінде аңшылық дүкенді тонаған облыстың екі тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, 6 қаңтарда таңғы сағат 5 шамасында белгісіз біреулер қаладағы аңшылық дүкеннің терезелерін сындырып, одан киім, бинокль, пышақ ұрлап кеткен.

Жарнама
Жарнама

Жедел шаралар нәтижесінде Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері дүкен тонаған екі адамды ұстады.

"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Қазір бұл дерекке қатысты ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы ("Тұрғын үйге, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жүргізіледі", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама