08 мамыр 2022 | 11:57

Қызылордада атыс болды: үш адам қаза тауып, екеуі жараланған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Қызылордада атыстан үш адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға 7 мамырда кешке болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада атыстан үш адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға 7 мамырда кешке болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, атыс қала маңындағы Титов ауылында азық-түлік дүкені алдында болған. Үш адам оқ тиіп қаза болған: ең кішісі - 26 жаста, үлкені - 29-да.

Облыстық жедел жәрдем станциясы мәліметінше, оқиға орнында дәрігерлерден құралған үш бригада көмек көрсеткен.

Реклама
Реклама

"Жедел жәрдем келгенге дейін үш адам қаза болды. Сонымен қатар, 47 жастағы ер адам мен 23 жастағы жігіт аяғынан жараланған. Зардап шеккендер қалалық ауруханаға жеткізілді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, атыс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

"Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная