29 тамыз 2019 | 12:36

Қызылордада балалар үйінің тәрбиеленушілері қарақшылық шабуыл жасаған

Қызылордада балалар үйінің тәрбиленушілері қаладағы сауналардың біріне шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада балалар үйінің тәрбиленушілері қаладағы сауналардың біріне шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балалар саунаға баса-көктеп кіріп, кассирден 90 мың теңгеден аса ақшаны тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Реклама
Реклама

"Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде бір күдікті ұсталды. Ол 16 жастағы балалар үйінің тәрбиеленушісі. Тағы үш күдікті оқиға орнынан қашып кетті, оның екеуі балалар үйінің тәрбиеленушілері болып шықты. Тәулік ішінде олар да тұтқындалды", делінген хабарламада.

Орын алған қарақшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, оларға мүлкін тәркілеумен қатар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram