21 желтоқсан 2022 | 10:59

Қызылордада дизель отынын заңсыз сатқан әйел сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Қызылорда облысында дизель отынын заңсыз саудалаған әйел сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында дизель отынын заңсыз саудалаған әйел сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, департамент мұнай өнімдерін заңсыз иемдену, сақтау және сату дерегі бойынша қылмыстық істі аяқтаған.

"Тергеу барысында 2017 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ондаған мемлекеттік кәсіпорындарға дизель отынын жеткізу бойынша қызмет көрсеткен азамат М.Д.-ның әрекеті анықталды. 2019 жылдан бастап 2022 жылдың мамырына дейін 28 мемлекеттік кәсіпорынға, бір заңды және екі жеке тұлғаға 274 миллион 036 мың теңгеге растайтын құжатсыз сатып алынған дизель отынын сатқан. Заңсыз жолмен алынған 1108 тонна сұйық дизель отыны заңдастырылған", - деді ЭТД өкілдері.

Реклама
Реклама

Кәсіпкердің заңсыз іс-әрекеті ҚР ҚК-ның 197-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Негізгі құжаттарсыз мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, өткізу және сақтау") және 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы ("Аса ірі мөлшерде Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)") бойынша сараланған.

"Сот талқылауы барысында сотталушы қылмыстық құқық бұзушылықтағы кінәсін толық мойындап, кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісім жасауға ниет білдірді", - делінген хабарламада.

Жалағаш аудандық сотының үкімі бойынша, М.Д. 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған. "Бүкіл кезең бойынша оған пробациялық бақылау тағайындалды", - деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram