03 наурыз 2014 09:35

Қызылордада экс-полицей әріптесін өлтірді деп айыпталды

Суретті Владимир Дмитриев түсірген

"Қызылордада бұрынғы полиция қызметкері әріптесін өлтірді деп айыпталынып отыр" деп хабарлайды Tengrinews.kz Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құқық қорғау қызметкерінің жоғалғаны туралы осыдан бір ай бұрын туыстары хабарлаған. Тексеру барсысында "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Көп ұзамай, полиция қызметкерлері күдіктіні анықтаған, ол ішкі істер органының бұрынғы қызметкері болып шықты. Жүргізілген жедел іс-қимылдар барысында және күдіктінің қылмысын толықтай мойындауы нәтижесінде Қызылорданың шет жағынан жоғалған құқық қорғау қызметкерінің мүрдесі табылды. Табылған мүрдені туыстары таныды. "Бүгінгі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, істі Қызылорда облыстық ІІД мен облыстық прокуратура тексеріп жатыр" деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram