Қызылордада жасырын казино иелері ұсталған сәттің видеосы жарияланды

Қызылорда облыстық полиция департаментінің қызметкерлері облыстық прокуратура қызметкерлерімен бірге Қызылорда орталығында жерасты казино иелерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан Қылмыстық кодекстің 307-бабының 2-бөлігі ("Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы хабарлады.

"Бұл қылмысты жасады деген күдікпен Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталды, олардың сыбайластары анықталып жатыр. Осы баптың санкциясында бес мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар көзделген", - деп толықтырды Бектөре Сұлтан.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама