08 қазан 2020 | 12:47

Қызылордада жоғары лауазымды полицей ұсталды

Қызылордада жоғары лауазымды полицей ұсталды, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада жоғары лауазымды полицей ұсталды, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

5 қазанда ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті Қызылорда облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп арнайы іс-шараларды өткізу барысында басқарма басшысы мен оның қоластындағы адамды ұстады.

Реклама
Реклама

Дереккөз мәліметінше, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілерге қатысты кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешімді сот шығарады дейді полициядағылар.

"Қазіргі уақытта осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты қызметтік тергеу нәтижелері бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Полиция қызметкерлері арасында заңсыз әрекеттердің алдын алу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Мұндай қасақана құқық бұзушылыққа жол берген қызметкерлер жұмыстан босатылғанға дейін қатаң жазаға тартылады. Оларға біздің қатарымызда орын жоқ", - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшысы Сұлтан Бектөре.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная