17 ақпан 2022 | 12:23

Қызылордада қарасора мен көкнәр өсірілген жылыжай әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 4 ақпанда Қызылордада есірткі заттарын сақтау мен сұрыптауға қатысы бар үш азаматтың заңсыз әрекетін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 4 ақпанда Қызылордада есірткі заттарын сақтау мен сұрыптауға қатысы бар үш азаматтың заңсыз әрекетін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Процессуалдық іс-шаралар барысында "гидропоника" әдісімен өсірілген 24 түп апиын көкнәрі, 2 түп сора және 2 келі кептірілген марихуана алынды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, 2022 жылғы 8 ақпанда Қарағанды облысында өңірлік есірткі тобының өкілдері ұсталған. Олардың екеуі Саран қаласының тұрғыны.

"Топтың есірткі заттарын Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен тасымалдап, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау және Саран қалаларында өткізгені анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 6 келі гашиш пен 52 келі марихуананың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді", - делінген хабарламада.

Соталды тергеу материалдары ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелген.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда психотроптық заттарды заңсыз дайындаған есірткі зертханасын жойғаны хабарланған болатын. Заңсыз айналымнан шамамен 9 келі мефедрон және α-PVP психотроптық заттары алынған. Олардың қара нарықтағы құны 149 миллион теңгеге бағаланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная