ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қазан 2021 | 14:41
Қызылордада тапсырыс бойынша синтетикалық есірткі таратқан тұрғын ұсталды
Қызылордада тапсырыс бойынша "синтетикалық есірткі" таратқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылордада тапсырыс бойынша "синтетикалық есірткі" таратқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 қазанда Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері облыс орталығы аумағында "меткатинон", "мефедрон" синтетикалық препаратын аса ірі көлемде жасырын таратқан тұрғынды ұстады.
Күдіктінің мобильді қосымша арқылы тапсырыс алғаны және қала ішінде белгілі орындарға қойып кету арқылы, "синтетикалық препараттарды" таратқаны анықталған. Айғақты зат ретінде ер адамнан синтетикалық зат салынған 72 қапшық тәркіленген.
Фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы ("Есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты аса ірі мөлшерде жасалған, есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.
Күдікті Қызылорда қаласының ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также