Қызылордада төтенше жағдай кезінде ауызашар бергендер жазаланды

Фото: pixabay.com

Қызылорда полицейлері төтенше жағдай кезінде ауызашар ұйымдастырған тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда полицейлері төтенше жағдай кезінде ауызашар ұйымдастырған тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

26 сәуірде облыс орталығының тұрғыны өзінің үйінде ауызашар ұйымдастырып, қаланың әр түкпірінде тұратын достарын шақырған. Кешкі астан кейін кездесуді олар моншада шомылумен жалғастырған.

"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес ("Төтенше жағдай режимiн бұзу") бес тұрғынға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Сот шешімімен тәртіп бұзушыларға айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама