22 шілде 2021 | 12:49

Қызылордада тұрғындар кішкентай қызға "азғындық жасамақ болды" деген ер адамды ұстап алды

© abctv.kz

Қызылордадағы көпқабатты үйлердің бірінің маңында кішкентай қызға "азғындық жасамақ болған" деген ер адамды тұрғындар ұстап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордадағы көпқабатты үйлердің бірінің маңында кішкентай қызға "азғындық жасамақ болған" деген ер адамды тұрғындар ұстап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде "педофилдің ұсталғаны" туралы видео тарап жатыр. Видеода бірнеше тұрғын ер адамды педофил деп айыптап, оны камераға түсіруге тырысады.

"Бәрі оның педофил екенін көрсін! Жабудың қажеті жоқ", - дейді видеодағы әйелдердің бірі.

Реклама
Реклама

Қызылорда облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 20 шілдеде сағат 21.00 шамасында болған. Тұрғындар полицияға "ер адам Бектұрғанов көшесіндегі көпқабатты үй маңында кішкентай қызға азығындық жасамақ болды" деп хабар берген.

"Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті ер адам анықталды. Қазіргі уақытта істің нақты мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды. Қылмыстық істі тергеу Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная