Қызылордада тұрғыннан әскери қызметшіден ұрланған қару табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Қызылордада тұрғыннан әскери қызметшіден ұрланған қару табылды

Қызылорда полицейлері жергілікті тұрғынның үйінен әскерилерге тиесілі қаруды тапты. Тұрғынның айтуынша, ол қаруды 2022 жылдың 5 қаңтарында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде тауып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында осы іске қатысы бар күдіктінің үйінен әскери қызметшілерге тиесілі АК-74 және БП-25 қаруы табылып, қылмыстық іске заттай дәлел ретінде тіркелген.

"Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Жарнама
Жарнама

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама